«Атырау» 24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Рафаиль Оспановтың командадан кеткенін хабарлады.
«Рафаиль Оспанов «Атырау» ФК-мен келісім-шартын ұзартпау туралы шешім қабылдады және өзінің туған клубынан кетті», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Рафаиль - «Атырау» командасының тәрбиеленушісі, 2016 жылдан бері негізгі командада өнер көрсетті. «Мұнайшылар» сапында 61 кездесу өткізіп, 3 гол соқты.
Бұған дейін Оспановтың павлодарлық «Ақсу» клубына ауысатыны хабарланған еді.
Біздің серіктес: FONBET