Жарнама
Жарнама

Аустрия - Қазақстан ойынын танымал бапкер тамашалайды

09.10.2024, 12:50

10-қазанда болатын Аустрия мен Қазақстан құрамаларының арасындағы ойынды Владимир Чебурин тамашалайды.

Владимир Чебурин
Жарнама
Жарнама

Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, қазақстандық маман Линц қаласында өтетін кездесуді жанкүйерлермен бірге отырып көрмек. Айта кетейік, 58 жасар бапкер 2021-жылдан бері Литва біріншілігінің «Жальгирис» клубын жаттықтырып келеді. Қарағандының түлегі отандық «Шахтер», «Оқжетпес» секілді командалардан бөлек тағы Литваның «Судувасын» да баптаған болатын.

Владимир Чебурин «Жальгириспен» Литва чемпионатында екі мәрте топ жарды (2021, 2022) сондай-ақ, «Судувамен» А-Лигада үш рет чемпион атанды (2017, 2018, 2019). Осы ұжымдармен Литва кубогі жолындағы жарыстарда да бірнеше рет жеңімпаз болған еді. Бұдан бөлек, ол 2017, 2018 және 2019 жылдары Литва біріншілігінің үздік бапкері атанған болатын.

Айта кетейік, Ұлттар Лигасының үшінші туры аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриямен жолығады. Қазақстан Ұлттар Лигасындағы екі турдан кейін әзірше бір ұпаймен Словения, Норвегия мен Аустриядан кейін ең соңғы орында тұр. Линцтегі ойыннан кейін отандастарымыз 13-қазанда Словениямен жолығады. Бұл бәсеке Алматыда өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров