«Тараз» командасының бұрынғы шабуылшысы Нильс Цатль Аустрия мен Қазақстан арасындағы ойын туралы айтты.
Айта кетейік, Ұлттар Лигасының үшінші туры аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриямен жолығады. Бұл бәске 10-қазанда өтеді.
«Бұл Аустрия үшін де қызық ойын. Қазақстан аутсайдер саналғанмен, мықты команда. Ал Аустрия Рангник тізгіндегелі үздіктердің қатарына кірді. Сондықтан, әрине, олар бұл бәсекені бірінші минуттардан-ақ ұту үшін бәрін салады», - деді «Тараздың» бұрынғы футболшысы.
Естеріңізде болса, Қазақстан Ұлттар Лигасындағы екі турдан кейін бір ұпаймен Словения, Норвегия мен Аустриядан кейін ең соңғы орында тұр. Линцтегі ойыннан кейін отандастарымыз 13-қазанда Словениямен жолығады. Бұл бәсеке Алматыда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET