Жарнама
Жарнама

Аустрияның жартылай қорғаушысы: матчтың бірінші секундттарынан бастап үздік футболымызды ойнауымыз керек

10.10.2024, 09:48

Аустрия құрамасы мен «Баварияның» жартылай қорғаушысы Конрад Лаймер Қазақстанға қарсы кездесу жайлы айтты.

Конрад Лаймер
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, бүгін Ұлттар Лигасындағы үшінші тур аясында қазақстандық команда сырт алаңда Аустриямен жолығады. 

«Қазақстан құрамасы жайлы не айтуға болады? Қорғанысқа табандап жататын командаға қарсы ойнау, қашан да қиын. Матчтың бірінші секундттарынан бастап біз өзіміздің үздік футболымызды ойнауымыз керек, сонда бізге әлемдегі ешқандай құрама қарсылық таныта алмайды. Бастысы алаң лық толы болса! Жанкүйерлер қолдауы ұдайы қамшылайды. Біздің жетістіктерімізде әрбір жанкүйердің үлесі бар», - деді Конрад Лаймер. 

Естеріңізде болса, Қазақстан Ұлттар Лигасындағы екі турдан кейін бір ұпаймен Словения, Норвегия мен Аустриядан кейін ең соңғы орында тұр. Линцтегі ойыннан кейін отандастарымыз 13-қазанда Словениямен жолығады. Бұл бәсеке Алматыда өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров