Талдықорғандық «Жетісу» Қазақстан Премьер-Лигасының 19-турында өз алаңында «Тұранмен» кездесті.
Ойын өте жабық сипатта өтті. Қос команда шабуылда белсенділік таныта алмады. Нақты қауіп төндірер сәттер мен қақпаға дәл соққылар өте аз болды.
Нәтижесінде, матч тағдырын Дінмұхамед Қашкеннің 95-минуттағы голы шешті. Есеп: 1:0.
«Жетісу» — «Тұран» 1:0 (0:0)
Гол: Қашкен 90+5 (1:0)
Қызыл қағаз: Асан 87-минут («Тұран»)
Осы жеңістен кейін «Жетісу» ұпай санын 19-ға жеткізді. Aл «Тұран» 11 ұпаймен турнир кестесінің төменгі бөлігінде, яғни құлау аймағында қалып отыр.
Біздің серіктес: FONBET