Жарнама
Жарнама

“AUYL SPORT – 2024” өңірлік лигасы: ауыл спортын дамытуға бағытталған игі бастама

3-6 қазан күндері Атырау қаласында ауыл спортын дамытуға бағытталған алғашқы “AUYL SPORT – 2024” өңірлік лигасы өтті.

Жарнама
Жарнама

Бұл шара “ХАЛЫҚ” қайырымдылық қорының бастамасымен жүзеге асырылып, ауылдық аймақтардағы балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулуға бағытталған маңызды жоба саналады. Лига аясында 450-ден аса жас спортшы бокс, еркін күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат сияқты спорт түрлерінен бақ сынады.

AUYL SPORT жобасының негізгі мақсаты – ауылдық жерлердегі балаларды спортқа тарту, бұқаралық спортты насихаттау және ауылдағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру. Жоба 6 негізгі спорт түрін қамтиды: бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол және шахмат. Бұл жобаға 8-14 жас аралығындағы 12 000-ға жуық ауылдық спортшыларды қатыстыру жоспарланып отыр.

Атырауда өткен өңірлік лигада бокс, күрес, каратэ бойынша 6 салмақ дәрежесінде жарыстар өткізілді. Сонымен қатар, баскетбол және волейбол бойынша 10-14 және 14-17 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар командалары жарысқа түсті, ал шахматтан 6-8, 8-12, 12-14 жас аралығындағы балалар арасында турнир өтті.

Нәтижесінде, 60-тан аса атыраулық спортшылар республикалық “AUYL SPORT – 2024” лигасына жолдама алды. Еркін күрестен, бокстан және каратэден 6 жеңімпаздан, шахматтан 4 жеңімпаздан, сондай-ақ волейбол мен баскетболдан қыздар мен ұлдар командалары жеңіске жетті. Әр спорт түрінде жеңіске жеткен спортшылар спорттық форма және жаттығу құралдарымен қамтамасыз етіліп, республикалық лигаға “ХАЛЫҚ” қайырымдылық қорының қолдауымен қатысатын болады.

“AUYL SPORT – 2024” жобасы аясында жеңімпаздар мен үздік спортшыларды қолдау үшін оқу-жаттығу жиындары, тақырыптық семинарлар, сондай-ақ республикалық және халықаралық турнирлерге қатысуға мүмкіндіктер беріледі. Жыл қорытындысы бойынша ең үздік спортшылар #AUYLSPORT AWARDS сыйлығымен марапатталмақ.

Бұл жоба ауылдық балалардың спортқа деген ынтасын арттыруға, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге және жалпы елдегі спорттың дамуына зор үлес қосатыны сөзсіз.

Айта кетейік, бұл жоба «Halyk» қайырымдылық қорының еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларының бірі. Қор ауылдағы спортты дамытуға осыған дейін 500 миллионға жуық қаржы бөлді.
Сондай-ақ, 2016 жылы Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен құрылған «Halyk» қоры, осыған дейін 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, 85 миллиард теңгеге көмек көрсетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: