“Барселона” жартылай қорғаушысы Гави ішкі менискіні (тізе буынының ішіндегі шеміршек) қалпына келтіру үшін жасалған операциядан соң, жанкүйерлерге арнап арнайы жазба жариялады. Клубтың мәліметінше, футболшының менискі сақталып, оған тігіс салынды.
21 жастағы жартылай қорғаушы Instagram-да былай деп жазды:
“Мені жақсы танитындар біледі, мен “Барсаны” және ең жақын адамдарымды соңына дейін қорғау үшін қажет болса, мың рет қайтып ораламын. Нағыз чемпион жеңістің сәтінде емес, құлаған соң қайта тұрған кезде қалыптасады. Барлық қолдау сөздеріңіз бен жылы тілектеріңіз үшін рақмет!”
Гавидің бұл жазбасына бірден командаластары жауап қатты. Нақты айтсақ Рональд Араухо, Педри және Ламин Ямалдар ауруханаға барып бүкіл команда атынан оның көңілін сұрап, қолдау білдірді.
Футболшының қалпына келу мерзімі шамамен төрт-бес айға созылады деп болжануда.
Айта кетейік, Гави 2023 жылдың қарашасында ауыр жарақат алып, тізесіндегі айқасқан байламдарын үзген болатын. Сол жарақаттан ол тек 2024 жылдың қыркүйегінде толық айығып шыққан еді.
Біздің серіктес: FONBET