Жарнама
Жарнама

Австрияны сенімді түрде жеңген Нидерланды құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты

18.06.2021, 14:18
Голландия бұл жолы жауапсыз екі гол соқты.
Жарнама
Жарнама

Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 2-турында Нидерланды құрамасы Австрия құрамасымен кездесті. Матч Амстердамдағы «Йохан Кройф Арена» стадионында өтіп, 2:0 есебімен Голландия құрамасының пайдасына аяқталды. Кездесуде Израильден келген Орел Гринфилд бастаған төрешілер тобы қызмет етті.

Нидерланды құрамасы 10-минутта шабуылшы Мемфис Депайдың пенальтиден соққан голының арқасында алға шықты. 67-минутта Франк де Бур шәкірттері есепті еселеді. Бұл жолы Дензель Думфрис ерекшеленді. Қатарынан екінші матчта гол соққан ПСВ футболшысы үздік ойыншы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, С тобында голландиялықтар мен австриялықтардан басқа Украина мен Солтүстік Македония құрамалары ойнайды. Алты ұпайы бар Нидерланды квартетте көш бастап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Украина мен Австрияда үш ұпайдан бар, Солтүстік Македония әлі ұпай жинай алған жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров