«Аякс» Луис Суаресті алғысы келеді

21.08.2020, 00:14
«Аякс» оңтайлы сәтті пайдаланып қалғысы келеді.

«Аякс» «Барселонаға» шабуылшы Луис Суаресті алу туралы ұсыныс тастады, деп хабарлайды Goal.com сайты.

Дереккөздің хабарлауынша, «Аякс» шабуылшы үшін 15 миллион еуро төлеуге дайын, «Барселона» 33 жастағы футболшыны сатып, «Интерден» Лаутаро Мартинесті алу үшін тағы бір әрекет жасап көреді.

Суарес 2007 жылдан 2011 жылға дейін "Аякс" клубының намысын қорғады. Онымен бірге клуб Нидерланды чемпионы және ұлттық кубоктың иегері атанды.

Бұған дейін «Барселона» шабуылшымен қоштасуға ниетті екендігі хабарланған болатын. Луис «Барселона» сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. 2019/2020 маусымда ол Каталониялық клуб үшін барлық турнирлерде 36 матчқа қатысып, 21 гол соғып, 10 голдық пас берді. 2007 жылдан бастап Суарес Уругвай құрамасына шақыртылып келеді.