Жарнама
Жарнама

«Аякс» «Тоттенхэм» футболшысын сатып алмақ

18.06.2022, 21:27
Трансфер құны 22,5 миллион еуроны құрады.
Жарнама
Жарнама

«Аякс» «Тоттенхэм Хотспурдың» 24 жастағы жартылай қорғаушысы Стивен Бергвейнді қатарына қоспақ, деп хабарлайды De Telegraaf басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, амстердамдық клуб ойыншы үшін 22,5 миллион еуро төлейді, бірақ бонустарды есепке алғанда бұл сома 25 миллион еуроға дейін көтерілуі мүмкін. Ойыншының жаңа командасымен бес жылдық келісім-шартқа отырады.

Бергвейн өткен маусымда лондондық клуб жейдесінде 31 ойынға қатысып, 4 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы ойыншыны 18 миллион еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров