Жарнама
Жарнама

«АЯКС» ЖАНКҮЙЕРІ СОТТАЛДЫ

05.01.2012, 01:58
Жарнама
Жарнама

Голландия кубогы аясында «АЗ» мен «Аякс» арасында өткен матчта алаңға шығып қақпашыны ұрып-соқпақшы болған жанкүйер пасық әрекеті үшін төрт айға бас бостандықтан айрылды. «The Daily Mail-дың» мәлімдеуінше, үкімді Голландияның жоғарғы соты қабылдаған. Весли есімді қызуқанды жанкүйердің жасы небәрі он тоғызда екен.   Естеріңізге салсақ, «Аякс» фанаты мен «АЗ» қақпашысы Эстебан Альварадо арасындағы жекпе жек жалтоқсанның 20-сы күні болды. 1/8 финалдың бірінші таймында бір жанкүйер алаңға жүгіріп шығып голкиперді ұрмақшы болады. Есалаң жанкүйерді дер кезінде байқап қойған Альварадо оған қайтара соққы беріп жерге жығып салады.   Ең қызығы, қақпашы өз-өзіне тұрып, төбелеске араласқаны үшін алаңдағы төрешіден қызыл қығаз алады. «АЗ» бапкері Герт Ян Вербек ойының ары қарай жалғасуы шәкірттері үшін қауіпті деп шешіп, командасын алаңнан алып кетеді. Матч 36-шы минутта тоқтатылды. «Аякс» 1:0-мен жеңіп тұрған.   Желтоқсанның 28-і күні Голландияның футбол Федерациясы  матчты қайта ойнату жөнінде шешім қабылдады. Ал Альварадоға көрсетілген қызыл қағаз негізсіз деп танылды.   Голландия үкіметі әлгі жанкүйерді тек төрт айға бас бостандықтан айрумен шектелмеді, сонымен қатар футбол матчтары кезінде Голландиядағы кез келген стадион маңына жақындауға тиым салды. Олжас НҰРАЗХАН
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
ҚАНЕКЕЙ, КІМ МЫҚТЫ?
Келесі жаңалық
Аңыздар айқасы