Жарнама
Жарнама

«Аякстың» 16 жастағы футболшысы өмірден озды

31.07.2021, 21:04
Жас ойыншы жол апатына түсті.
Жарнама
Жарнама

"Аякс" футболшысы Ноа Гессер 16 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды амстердамдық клубтың ресми сайты.

Қайғылы оқиға 30 шілде күні кешке орын алған. "Аякс" академиясының ойыншысы ағасымен бірге жол апатына түсті. Амстердамдық клубтың алдағы жолдастық кездесулері футболшыны еске алуға арналған бір минуттық үнсіздікпен басталады.

"Клуб бұл қайғылы оқиғаға қатты қайғырып отыр. "Аякс" Гессердің туыстарына көңіл айтады және оларға орны толмас шығынмен күресуде күш-қуат тілейді", - деп хабарлады "Аякс" клубының баспасөз қызметі.

Гессер "Аяксқа" 2018 жылы "Альфенс Бойс" деп аталатын әуесқойлар командасынан ауысқан еді. Гессер "Аякстың" жастар командасында шабуылшы ретінде ойнады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров