Жарнама
Жарнама

Азамат Айтхожин: «ҚФФ Исламханға қатысты қабылданған шешімге ресми түрде қарсылық білдіреді»

25.12.2020, 02:43
ҚФФ бұл шешімді негізсіз әрі қатаң деп есептейді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин «Аль-Айн» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханды допингке байланысты екі жыл мерзімге дисквалификациялау туралы шешімге наразылық білдірді:

- Азия футбол конфедерациясы Тәртіптік комитетінің Қазақстан ұлттық құрамасы мен Катардың «Аль-Айн» командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханға қатысты қабылдаған шешімі негізсіз әрі қатаң болып отыр.

Биыл қыркүйек айында ойыншы Азия чемпиондар лигасы аясында «Аль-Садд» командасына қарсы ойнап, матчтан соң тапсырған сынағы оң нәтижені көрсетті. Сол себепті футболшыға клуб пен Қазақстан ұлттық құрамасының матчтарына қатысуға тыйым салынды.

Ұлттар лигасының шешуші матчтарына негізгі ойыншының қатыспауы ұлттық құраманың ойынына кері әсерін тигізді.

Қазақстан футбол федерациясы АФК-ге Қазақстан ұлттық құрамасының капитанына қатысты қабылдаған шешіміне ресми түрде наразылық білдіреді. Сынақ тапсырардан бірнеше күн бұрын Бауыржан Исламхан «Аль-Айн» футбол клубында қатаң карантинде болып, команданың тамағып жеп, сусынын ішкен. Тыйым салынған препарат ойыншының қанына кездейсоқ табылды деп айтуға болады.

Бодибилдингте жиі қолданылатын бұл препараттың кәсіби футболда пайдасы жоқ деуге болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров