Жарнама
Жарнама

Азамат Тұяқбаев: біз мінезбен ғана аламыз, басқа нұсқа қарастырылмайды...

21.11.2025, 13:28

Қазақстан жастар құрамасының   U-17 көшбасшысы Азамат Тұяқбаев командасының өнерін бағалап, пікірімен бөлісті.

Азамат Тұяқбаев
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, біздің жастар биыл тұңғыш рет элиталық кезеңге жолдама алған болатын.     

 «Ұлтым – қазақ. Себебі, әкем – қазақ, анам – неміс. Отбасымызда бәрі қазақша түсінеді, бірақ жақсы сөйлей алмайды. Ал мен қазақ тілін Таразда аулада балалармен ойнап жүріп үйрендім. Командада да көбіне қазақша сөйлесеміз. Бұл үлкен жауапкершілік. U-17-де құрамға ілікпегенмін, бір де бір оқу-жаттығу жиындарына да қатыспағанмын. Осы жолы құрамаға шақырып, капитандық белгіні берді. Үмітті ақтауға тырыстым. Бастысы, командадағы жігіттер маған «көшбасшысың» деп сенді. Жігіттерге рахмет. Элиталық кезеңге жолдама алдық, қиын ойындар күтіп тұр. Бір топтан бірінші орын алған команда ғана шығады. Барымызды салып ойнаймыз, біз мінезбен ғана аламыз, басқа нұсқа қарастырылмайды, - деді А.Тұяқбаев «Спорт министрі» парақшасына берген сұхбатында.

Азамат Тұяқбаев биыл «Қайрат» сапында ҚПЛ-де дебют жасап, алғашқы голын салды. Сондай-ақ, алматылық клуб жейдесінде ЧЛ-да «Пафосқа» қарсы матчта өнер көрсетті.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров