Қазақстан U19 құрамасы мен "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы Азамат Тұяқбаев Еуропаның танымал командаларының назарына ілігуде, деп хабарлайды Aladop.kz.
Meta-ratings.kz. сайтының мәліметінше Нидерландылық "ПСВ Эйндховен” командасының скауттары талантты ойыншыны бірнеше матч бойы тікелей бақылаған.
Қазақстанның жастар құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Ирландия (1:0), Нидерланд (1:2) және Кипр (1:1) командаларымен кездескен болатын. Дәл осы матчтарда "ПСВ” өкілдері Тұяқбаевтың ойынын жан-жақты зерттеген.
Азамат үш ойында да белсенділігімен ерекшеленіп, гол соғып, екі нәтижелі пас берген болатын.
Скауттар Тұяқбаевты тек ұлттық құрамадағы ойындар арқылы емес, клубтық деңгейде де бақылаған. "ПСВ” өкілдері Копенгагенге арнайы келіп, УЕФА Жастар лигасындағы “Қайрат" – “Копенхаген" матчын тамашалаған. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды, ал Азамат тағы да өзінің лидерлік сапаларын көрсеткен.
Бұған дейін жас ойыншыға Германияның "РБ Лейпциг" және "Боруссия Менхенгладбах” клубтары, сондай-ақ Англиядан "Ковентри Сити” тарапынан қызығушылық болғаны хабарланған еді.
Азамат 2025 жылы негізгі команда сапында дебют жасап, Чемпиондар лигасында алаңға шықты. Маусым бойы барлық турнирлерде 30 матч өткізіп, 17 гол соғып, 4 голдық пас берген.
Біздің серіктес: FONBET