Азамат Тұяқбаев өз ұлты туралы сұраққа нақты жауап берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстан U19 құрамасы мен "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы Азамат Тұяқбаев журналист Аслан Қаженовтің ұлттық болмысына қатысты сұрағына ашық жауап берді.
– Әлеуметтік желіде көп адам "Қазақ па, емес пе?” деп сұрайды. Осы сұраққа нүкте қойсаң.
"Мен — қазақпын. Әкем — қазақ, анам — неміс. Сол себепті сыртқы түрім әртүрлі көрінуі мүмкін Отбасымның бәрі қазақша түсінеді, бірақ онша көп сөйлемейміз. Ал бала кезімде көшеде үнемі қазақ балалармен ойнап өскендіктен, тілді жетік меңгеріп алдым."
— Командада қандай тілде сөйлесесіңдер?
"Негізінен қазақ тілінде сөйлесеміз."
Біздің серіктес: FONBET