Жарнама
Жарнама

Азат Нұрғалиев Премьер-Лигада ең көп матч өткізген 7-ші ойыншы

02.07.2020, 23:07
Осылай ойнауын жалғастыра берсе, «Тобыл» капитанын жақында үздік үштіктен көреміз.
Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» 34 жастағы жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев Премьер-лигада 419 матч өткізіп, ойнаған матчтар бойынша үздік жетілікке енді.

Қазақстан чемпионаттарында Азат Нұрғалиев алғашқы ойынын 2004 жылы 15 сәуірде Қызылордада «Қайсарға» қарсы ойында (0:2), ол 67-минутта Каха Кветенадзенің орнына алаңға шыққан еді. Ол өзінің алғашқы голын 2004 жылы 8 шілдеде «Семей» қақпашысы Илья Байтеряковтың қақпасына соқты.

Азат Нұрғалиев Талдықорғандағы «Жетісу» (9 матч, 4 гол), Қаскелеңдік "Сұңқар" (9 матч, 2 гол), «Астана» (11 матч, 6 гол) және Шымкенттік "Ордабасы" (204 матч, 28 гол) сапында ойнады. Қазіргі уақытта Қостанайлық «Тобыл» құрамында 186 матч өткізіп, 39 гол соққан. Жалпы, Премьер-лигада Азат Нұрғалиев 419 матч өткізіп, 79 гол соқты.

1992–2020 жылдары Премьер-лигада ең көп матч өткізген ойыншылар:

1. Нұрбол Жұмасқалиев - 523 матч;

2. Серік Жейлитбаев - 457;

3. Самат Смақов - 452;

4. Игорь Юрин - 426;

5-6. Руслан Ғұмар - 424;

5-6. Мақсат Байжанов - 424;

7. Азат Нұрғалиев - 419.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров