Жарнама
Жарнама

Азат Перуашев: Футболдағы қаржы дұрыс бөлінбеген

07.06.2020, 05:46
«Ертіс» футбол клубының чемпионатқа қатыспайтыны белгілі болысымен депутат Азат Перуашев өз ойын білдірді деп жазады «Спорт.кз» сайты.
Жарнама
Жарнама

- Азат Тұрлыбекұлы, «Ертіс» футбол клубының чемпионаттан шығып қалуы нені білдіреді. Облыс басшылығы дұрыс қадамға барды деп ойлайсыз ба?

- Ол әрине клуб басшылығының жеке шешімі. Оған таң қалатын ештеңе жоқ. Мұндай оқиғалар әлемнің әр бұрышында орын алып жатыр. Футболшылардың жалақысының көп екендігін бүкіл жер жүзі талқылауда. Дегенімен, «Ертістің» осыншама бай тарихымен бір күнде жабыла қалғаны жақсы жаңалық емес. Алайда, қаржының көп бөлігі «Екібастұз» бен «Ақсу» футбол клубтарына бөлінетіні қуантады. Себебі, ол жерде жергілікті жастар ойнайды. Ал біз 30 жылдың ішінде еуропада доп тебе алатын бірде-бір футболшы өсіріп шыға алмадық.

- «Ертістің» қиын жағдайға тап болуына себепкер «ERG» компаниясының демеушілік танытудан бас тартуы деп жатыр.

- Тек ол компанияны кінәлау дұрыс емес. Олардың да жағдайы қазір жақсы деп айта алмас едім. Себебі, бүкіл бизнесс қазір қиын халде. Ал тек биліктің бюджетіне қарап отыру масылдың ісі. Кәсіпқой спорт бәсекелестіктің арқасында өз-өзін қаржыландыруы тиіс. «Ертістің» жабылуы алғашқы қоңырау деп қабылдаңыз. Одан кейін де осыған ұқсас жағдайлар орын алуы тиіс. Мемлекет пен бизнесттің арасында әлі өзгерістер болады.

- Сонда Қазақстанда әлі де футбол клубтар жабылып қалуы мүмкін бе?

- Мен коронавируске дейін футбол мәселесін парламентте көтерген едім. Футболға бөлінген қаржы дұрыс үлестірілмеген. Жалпы, дұрыс бөлінбеген десем де болады. Қазіргі механизм өзінің қабілетсіз екенін аңғартты. Демек, өзгеріс қажет. Жергілікті жастарды пайдалану, заманауи қызмет түрлеріне күш салу деген мүлде жоқ. Кейбір мемлекеттер футбол чемпионаттарын өткізбейміз деп шешім шығарды. Себебі, футбол көп қаржыны талап етеді.

- Сіздің ойыңызша Қазақстанда футболды демеушілікке алатын ірі бизнисмендер жоқ па?

- Қазақстандағы ірі бизнесмен немесе ірі кәсіпорындардың барлығы мемлекеттің қатысымен жүреді. Жекелей ірі бизнес жүргізіп отырғандар жоқтың қасы. Мысалы «Самұрық-Қазына» қоры жеке компаниялардың спортты өз бетінше демегеніне тиым салды. Министірліктің ішінен ашылған арнайы қор бар. Барлық компаниялар спортты қолдағысы келсе қаржыны сонда аударады. Барлығы орталықтандырылған. Менің ойымша бұл дұрыс шешім.

- Сұқбатыңызға рахмет!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров