Жарнама
Жарнама

Азат Перуашев: «Түркістан Аренаны» қайта тексеру қажет»

17.03.2021, 23:44
Перуашев еліміздегі спорттық нысандарды тек санаулы компаниялардың салатынына наразылығын білдірді.
Жарнама
Жарнама

"Ақ жол" демократиялық партиясының басшысы, мәжіліс депутаты Азат Перуашев "Түркістан Аренадағы" жағдай туралы пікірін білдірді.

"39 миллион долларға салынды деген Түркістандағы стадионның сулы төсенішінде басталған жаңа футбол маусымы қызу талқылануда. "Ақ жол" демократиялық партиясының депутаттары кәсіби клубтардың орнына балалар мен жасөспірімдер спортын қаржыландыру қажеттігіне бұрыннан назар аударып келеді. Бірақ мынадай жағдайда ойнауды балаларға да, легионерлерге де тілемейсің".

Азат Перуашев Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарынан «Ақ жол» партиясының атынан әкімшілік пен облыстық спорт басқармасына мынадай сұрақтарды жіберуді сұраған екен:

- Стадионның құрылысына қанша қаражат жұмсалды? Ашық ақпарат көздерінің хабарлауынша, Түркияда 27 мың көрерменге арналған "Сивас Арена" стадионының құрылысына 21 миллион доллар жүмсалды, яғни бір көрерменге 744 доллардан. Түркістанда бір жанкүйерге 5,5 мың доллардан кеткен екен. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келе ме?

- Бұл кешенді жарамды деп кім қабылдады?

- Бейнероликте анық көрсетілген стадионның дренаж жүйесінің кемшіліктерін кімдер және кімнің есебінен қалыпқа келтіреді?

- Балалар мен жасөспірімдер спортына облыс бюджетінен қанша қаражат бөлінеді, өңірдегі бір спорт мектебінің орташа бюджеті қандай? Бұл шығындарды осы стадионның шығындарымен салыстыруға бола ма?

"Соңғы жылдары орталықтағы және әр түрлі аймақтардағы ең ірі құрылыс жобаларын сол компаниялар көбірек қабылдай бастады. Аймақтарда шынымен де нысандарды арзан әрі кем дегенде сапалы етіп салуға дайын жергілікті құрылысшылар жоқ па? Егер жоқ болса, жергілікті адамдарды тартып, оларға заманауи технологиялар мен әдістерді үйретіп, қажетті деңгейге шығаратын уақыт жетті. Тек ашық және әділ бәсекелестік кез-келген өнімнің, оның ішінде құрылыстың сапасы мен қол жетімділігі үшін өте пайдалы болмақ. Шамасы, стадионда басқа да кемшіліктер болуы мүмкін. Осыған орай оның құрылысы мен жұмыс істеу сапасын қайта тексеру қажет", - деді Перуашев.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров