Жарнама
Жарнама

Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы матчтың төрешілері белгілі болды

24.09.2022, 18:24
Ертеңгі матч неміс төрешілеріне сеніп тапсырылды.
Жарнама
Жарнама

Харм Осмерс бастаған германиялық төрешілер бригадасы Ұлттар лигасы аясындағы Әзербайжан мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойынға қазылық етеді, деп хабарлайды УЕФА ресми сайты.

Осмерске қос қапталдан Доминик Шааль мен Беньямин Бранд көмектеседі. Ал төртінші төреші қызметін Роберт Кемптер атқарады.

VAR жүйесіне Паскаль Мюллер мен Мартин Петерсен жауапты болмақ.

Еске салайық, Әзербайжан - Қазақстан матчы ертең, 25 қыркүйекте Бакуде өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров