Жарнама
Жарнама

Әзірбайжан бапкері: «Қазақстан құрамасында мықты ойыншылар бар»

01.06.2022, 02:27
Қазақстан құрамасы 3 маусым күні өз алаңында Әзірбайжанмен кездеседі.
Жарнама
Жарнама

«Албан ғажайыбының» орын алуына себепкер болған италиялық маман Джанни Де Бьязи қазірде Әзірбайжан ұлттық құрамасының бапкері болып қызмет етуде. 65 жастағы маман бұл лауазымға 2020 жылдың шілдесінде тағайындалған болатын. Жуырда Ұлттар Лигасының жаңа маусымы бастау алады. С дивизионының 3 тобында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжанға қарсы кездесу өткізеді. Топтың тұсаукесер ойыны 3 маусымға жоспарланғаның айта кетейік. 

Осы ретте Sports.kz республикалық интернет порталының тілшісі Джанни де Бьязиге бірнеше сауал жолдап көрген болатын.

- Сеньор Де Бьязи сіздің командаңыз Ұлттар Лигасының тұсаукесер ойынын Қазақстанға қарсы өткізеді. Турнирді сәтті бастау Әзірбайжан ұлттық құрамасы үшін қаншалықты маңызды?

- Менің отанымда былай дейді: Кімде-кім іс басын жақсы бастайды, сол бастаған жұмысының тең жартысын мүдірместен еңсереді. Мақсатының орындалуына жол ашады. Сырт аланда жеңіске жету оңай еместігін біз жақсы түсінеміз. Алайда, біз өзіміз үшін, барша Әзірбайжан халқы үшін, Федерация үшін және ең бастысы туымыз үшін үш ұпайды қалай да болсын еншілеп қайтуымыз керек.

- Маусымда біздің топтың ұжымдары 10 күн ішінде 4 ойын өткізеді. Бектіліген күнтізбе жайлы ойыңыз қандай?

- Аз уақыт аралығында 4 ойын өткізу оңай емес. Сырт аландағы ойындардан кейін біз демалуымыз керек. Матчтардың тығыздығына байланысты біздің демалуымыз үлкен сұрақ болып отыр.

- Әу баста жарияланған Әзірбайжан ұлттық құрамасының ойыншылар тізіміндегі футболшылар саны 15-тен аспапты. Неліктен құрамаға шақыртылған ойыншылар аз?

- 27 мамырдың жұмасында Әзірбайжан Кубогінің финалдық ойыны өтті. Сол себептен мен финалдық кездесуге қатысатын футболшыларды мазалағым келмеді. Қазір қатарымыз толық.

- Әзірбайжанның мен-мен деген ойыншыларын Қазақстанға алып келесіз бе? 

- Әрине

- Сіздің ойыңызша Қазақстан ұлттық құрамасының үздік ойыншысы кім?

- Әдетте мен қарсылас команданы жалпылай бақылаймын. Елдің көзінше оның ойын мәнерін, ондағы жекелеген ойыншылардың шеберлігіне сын арту менің ұстанған бағытыма кері септігін тигізеді. Командада жақсы ойыншылар бар. Мен оны жасырмаймын. 

- Магомед Адиев бастаған ұжымнан не күтуге болады?

- Менің ойымша бапкер Адиев жеңісті меңзеп отыр. Бірақ та біздің де жеңістен дәмелі екенімізді ұмытпағандарыңыз жөн.

- Қазақстандағы матч «Астана-Аренаның» жасанды төсенішінде өтеді. Бұл фактор команданың ойынына тікелей әсер етпей ме?

- Ойын алаңы екі ұжымға да бірдей. Жалпы маған жасанды төсенішті стадиондар ұнамайды.

- Әзірбайжан құрамасының Ұлттар Лигасындағы жоспары қандай?

- Едәуір жақсы өнер көрсету.

- Біздің топтың фавориті кім?

- Словакия командасы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров