Бізден 15-жыл бұрын УЕФАға кірген командаға қарсы ойнап,жеңілгенімізбен еңсеміз жоғары болуы тиіс. Себебі, ұлттық құрамамыздың кешегі ойында көрсеткен өнері бұрынғыға қарағанда анағұрлым жақсырақ. Қазақ футболының деңгейі өскенін осы сайт арқылы дәлелдеп те, жазып та жүрміз. Біздің футбол көрінгеннің аяғында тапталып жатқан жоқ. Андорра мен Сан-Маринодан шоқтығымыз әлдеқайда биік. Біз осы күндері Түркиямен тең ойнап, Әзірбайжаннан әзер дегенде ұтылып ұқалып жүрміз. Ішкі біріншілігіміз өскенін айтып жүргенімен, құрама командамыздың жағдайы жақсанрмай келген-тін. Енді міне, соңғы екі ойында құрамамыздың ойынының көзге көрікті, құлаққа жағымды бола бастағанын байқадық.
Беранек бапкер келгелі бері қорғанысқа қан жүгіріп, шабуылға шырай біте бастады. Алғашқы түріктермен болған ойынның соңғы минуты нағыз трагедиямен пара-пар болғанымен жанкүйерлерге футболдың дәмін сездірді. Футбол бұл үнемі қозғалыста болатын процесс. Сондықтан да алдағы уақыттарда біздің алға қарай жылжитынымыз анық. Мокинді ді кіналаудың керегі жоқ. Бірақ, бізге мықты бір қақпашы керегі рас. Новиков, Лория деңгейіндегі қақпашы біздің ұжым үшін жарты команда болары белгілі.
Біздің серіктес: FONBET