Жарнама
Жарнама

Бәріне кінәлі - алаң? Финляндиялық команданың алаңы ең кішкентай өлшеммен салынған дейді және «Қайратқа» осы фактор кедергісін келтірген болуы мүмкін

23.07.2025, 15:32

Отандық бапкер Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» тілшісіне «Қайраттың» ЧЛ 2-іріктеу кезеңіндегі бірінші бәсекесіне қатысты ойын айтып, матч барысында байқаған сәттерімен бөлісті.

"КуПС" - "Қайрат" кездесуінен
Жарнама
Жарнама

Кеше алматылық клуб сырт алаңда Финляндия чемпионы «КуПС-пен» жолығып, 0:2 есебімен ұтылды.   

«КуПС-тың» алаңы ең кішкентай өлшеммен жасалған ғой деймін. Өйткені, «Қайраттың» қарымта шабуылдар жасауына ешқандай мүмкіндік болған жоқ. Соған осы алаңның көлемі кәдімгідей әсер еткендей. Алаң иелерінің қорғаныста қалай ойнайтынын алдыңғы матчтардан білеміз. Бірінші таймнан кейін қауіптенетіндей нышан жоқ еді, бірақ үзілістен кейінгі екі момент... Бірінші гол кезінде меніңше Сорокин шабуылды дұрыс бастамады: Жоржиньо дайын болмаған сәтте пас беремін деп доп жоғалтып, нәтижесінде алаң иелері қарымта шабуылға жылдам шығып кетті. Содан кейін жартылай қорғаушылар - Глэйзер, Қасаболат та қарсыласқа біздің айып алаңымыздың ішіне кіріп тұрып соққы жасауына мүмкіндік беріп қойды. Екі гол кезінде де солай болды. Екінші голдағы Мартыновичтің әрекеті де түсініксіз, допты алаң шетіне тепкісі келді ме, жоқ оны сақтап қаламын деп ойлады ма, соның салдарынан допты жоғалтып алып, нәтижесінде екінші гол. Қақпашыға ешқандай мүмкіндік қалдырмады, екі гол да тура тоғыздыққа топ ете қалған. «Қайраттың» мүмкіндігі әрине азайды. Себебі, финляндиялық клуб қорғаныста жақсы ойнайды. Олар осы екі доп басымдығын сақтап қалуды көздейді, сол үшін барын салатыны да түсінікті. Ал алматылықтар шабуылда көп ойнап, өздерінің мүмкіндіктерін пайдалануы керек. Бірақ алыс жол, Алматының орналасу факторы мен аптап ыстық «Қайратқа» көмектесетін шығар, сол үшін үмітімізді үзбей келесі ойынды күтеміз», - деді А. Қожабергенов өз ойын түйіндеп.

Командалар арасындағы қарымта ойын 29-шілдеде Алматыда болады.      

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров