Жарнама
Жарнама

Бабаян «Астананың» жағдайын айтты

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Біріккен Араб Әмірліктеріндегі алғашқы оқу-жаттығу жиынының қорытындысына баға берді.

фк астана
Жарнама
Жарнама

Елордалық клубтың бапкері трансферлер жайлы пікір білдіріп, құрамды күшейту туралы сөз қозғады.

– Аяқдопшылардың басым бөлігі жоспарланған жұмыс көлемін толық орындады. Қатарымызға кейінірек қосылған ойыншылар келесі оқу-жаттығу жиынының басында қуып жетеді, өйткені бірінші оқу-жаттығу жиынында жалпы дене дайындығына басымдық бердік. Жоспарды барлығы дерлік толық орындағаны біз үшін маңызды.

Біз оқу-жаттығу жиынын сынақ матчымен аяқтадық. Онда әр аяқдопшыға 45 минут ойнауға мүмкіндік берілді. Команданың көп жүгіріп, күш жұмсағанын ескерсек, жігіттер шаршаңқы көрінді. Мұндай ойындарда жігер, ерік секілді қасиеттер, ойын соңына дейін зейінді сақтау және ұйымшылдықты соңына дейін жоғалтпау бірінші орында болады. Іске асқаны да бар, аспағаны да бар. Жалпы, жақсы спарринг және қажетті стресс. Сондай-ақ оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып, командаға жасалған тамаша жағдай үшін клуб басшылығына алғыс айтамын.

– Жаңа ойыншыларға қандай баға бересіз?

– Осей мен Камара – біз жақсы зерттеген ойыншылар. Олар, әрине, біздің команданы күшейтуі керек. Марат Быстровты да жақсы білеміз және оның «Астанаға» қосылғанына өте қуаныштымыз. Бірнеше позицияны жабуға қабілетті өте күшті аяқдопшы. Рамазан «Мақтааралда» өте жақсы маусым өткізді, өзіне деген сенімі артты. Ол да алдағы уақытта командаға көмектесе алады.
– Тағы ойыншылар бола ма?

– Өткен жылғы құрамның 8 ойыншысы «Астанадан» кетті. Әлі кем дегенде 4 ойыншымен команданы күшейтуіміз керек. Клуб басшылығы, жаттықтырушылар құрамы және сарапшылар сапалы футболшыларды қарап жатыр.

Айта кетейік, елордалық клуб жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін БАӘ-де Армения чемпионы «Урарту» командасына қарсы өткізді. Командалар бір бірінің осал тұсын таба алмай, нәтижесінде ойын голсыз тең аяқталды.

«Астана» матчқа келесі құраммен шықты: Заруцкий, Быстров, Бейсебеков, Аманұлы, Досмағамбетов, Эбонг, Урега, Жақсылық, Прокопенко, Камара, Каримов. Енді келесі матчта астаналықтар 14 ақпан күні ресейлік «Краснодармен» ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: