Жарнама
Жарнама

Бабаян Быстровқа сенім артпайды

Ел құрамасының қорғаушысы Марат Быстров маусым басталғалы “Астана” сапында тек 1 ойын өткізді.

Жарнама
Жарнама

Бұның себебі, бас бапкер Григорий Бабаянның легионерлерге көбірек сенім артуында. “Астана” командасы Ұлттық құрамаға ойыншы дайындап беретін ұжым еместігін алға тартып келген маман, Быстровты осы маусымда тек 1 матчта ғана алаңға шығарды.  

“Тұранға” қарсы кездесуде Марат Карло Бартолецтің орнын басып, матчтың 81 минутында Джеффри Чинедуға голдық пас берді. 

33 жастағы Быстров ел құрамасы намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. Оң қаптал қорғаушы барлық халықаралық турнирлерлі қосқанда, Қазақстан жейдесінде 36 матч өткізді. 

“Астана” клубына ойыншы 2024 жылы Грозныйлық “Ахматтан” ауысып келді. Содан бері Быстров елорда ұжымында 27 ойынға қатысты. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: