"Астана" бас бапкері Григорий Бабаян Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Лозаннаға" өтетін қарымта ойын алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, алматылық "Қайратты" жеңісімен құттықтады.
Сонымен қатар ол Шотландиялық "Селтиктің” келуін күтпеген жерден Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертімен салыстырды.
"Селтик" секілді команданың келуі үлкен оқиға. Меніңше, оны Дженнифер Лопестің Алматыға келуімен салыстыруға болады.” – деді Бабаян.
Оның айтуынша, Чемпиондар лигасының матчы әлемдік поп концертінен кем түспейді. Бабаян "Селтикке” қарсы ойында да Джей Лоның концертіндегідей атмосфера болады деп сенеді.
Сондай-ақ ол Алматыда алғаш рет Чемпиондар лигасының гимні шырқалатынын атап өтіп, бұл қуанышты тек Алматылықтарға ғана емес, бүкіл қазақстандық футбол жанкүйерлеріне арнады.
Біздің серіктес: FONBET