“Астана” командасы өз алаңында “Жетісуды” 4:1 есебімен тас-талқан етті.
Құрамында тек 4 легионер өнер көрсеткен ұжым ойын бастала салысымен, басымдықты өз бақылауына алды. Матч барысында елорда жейдесін киген Стас Басманов, Карло Бартолец, Марин Томасов және Мақсат Абраев голдың авторлары атанды. Айтпақшы, 18 жастағы Тараз тумасы Абраев үшін бұл нәтиже ҚПЛ дебютты болып тіркелді.
Жалпы кездесуде Мақсат Абраев пен Стас Басмановтан бөлек, Валихан Руслан және Рамазан Кәрімов сынды жас футболшылар алаңда доп тепті. Легионерлердің жаппай кетуінің арқасында жастар Бабаянның сеніміне кіруіне мүмкіндік алды.
Матчтың алдында Премьер-Лига тарихындағы үздік сұрмерген Марин Томасов “Астана” сапында 300 матч өткізгкні үшін естелік сыйлығымен марапатталды. Хорватиялық легионер еліміздің бас қаласы ұжымында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп, 123 гол мен 113 голдық пас берді.
Біздің серіктес: FONBET