Бағдат Қайыров: «Команда өте жауапты және маңызды кездесуге дайындалуда»

06.07.2022, 16:26
Қайыров «Тобылдың» да Қазақстан құрамасы секілді жақсы нәтиже көрсеткенін қалайды.

«Тобылдың» қорғаушысы Бағдат Қайыров УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Ференцварошпен» болатын ойын туралы пікір білдірді:

- Команда өте жауапты және маңызды кездесуге дайындалуда. Ұжымдағы атмосфера жаман емес және жаттығу жұмыстары жақсы деңгейде өтті. Біз матчқа дайынбыз деп айта аламын.

– Ұлттық құрама мен клуб үшін өтетін ойын бір-бірінен қаншалықты ерекшеленеді?

– Қай жерде ойнасақ та, Қазақстанның атынан шығамыз. Өздеріңіз білесіздер, соңғы кездері ұлттық құрама өте жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Жоғары лигаға көтерілу мүмкіндігі бар. «Тобылдың» да осындай нәтиже көрсеткенін қалаймын. Ол үшін бізде бәрі бар. Командамыз ұлттық құраманың ойыншыларынан жасақталған. Оларда қымбат ойыншылар бар дедіңіз. Бірақ бізде де жоғары деңгейде ойнаған футболшылардың бар екенін айта кетейін. Сондықтан қызықты матч болады деп ойлаймын.