Жарнама
Жарнама

Бахтиер Зайнутдинов: «Біз қиын топқа түстік, бірақ ел намысы үшін күресеміз»

10.12.2020, 17:29
Бүгін ЦСКА Еуропа лигасының осы маусымындағы соңғы матчын өткізеді.
Жарнама
Жарнама

ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Еуропа лигасының топтық кезеңінде Загребтің «Динамосына» қарсы ойын туралы пікір білдіріп, сонымен қатар 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі туралы ойымен бөлісті:

- ЦСКА топтан шығу мүмкіндігін жоғалтып алды. Ертеңгі ойынға қандай мақсатпен шығасыздар?

- Мотивация бар. Біз өз жанкүйерлерімізді қуантып, осы Еуропа Лигасын жақсы нотада аяқтағымыз келеді.

- Еуропа лигасының осы маусымында жеңіске жету үшін командаға не жетіспеді?

- Жауап өте қарапайым - голдар жетіспеді.

- Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі тобы туралы не айтасыз?

- Фаворит - Франция. Біз қиын топқа түстік, бірақ ел намысы үшін күресеміз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров