Отандық кәсіпкер, көпшілікке Баян Алагөзованың күйеуі ретінде танымал Тұрсын Алагөзов «Қайрат» клубының ойыншыларына ерекше жігер берді.
Ол 4,7 млн оқырманы бар Баян Алагөзованың парақшасынан көпшілікке арнайы үндеу жариялады:
- Құрметті қазақстандықтар, бүгін Алматы қаласының туған күнінде, барлық патриот азаматтар сияқты біз 10 күннен кейін сүйікті «Қайрат» пен «Реал Мадридтің» ойыны өтетінін білеміз. Сондықтан мен республиканың патриоты ретінде және туған күнім қарсаңында «Қайрат» командасы аталған кездесуде жеңіске жеткен жағдайда барлық ойыншыға автокөлік сыйлауға уәде беремін. Алматы, әлем астанасы! «Қайрат» чемпион!- деді Тұрсын Алагөзов.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойын 30 қыркүйек күні Алматы қаласында өтеді. Бұл ойынның билеттері 23 қыркүйекте сатылымға шығады.
Біздің серіктес: FONBET