Хаби Алонсо баптайтын "Байер" командасы Бундеслиганың 27-турында "Хоффенхайм" командасынан 2:1 есебімен басым түсті.
Леверкузендік ұжым осы бір жеңістен кейін жеңіліссіз сериясын 39 ойынға дейін жеткізді. Әлемдік рекордқа небәрі 5 ойын қалды.
Бундеслига, 27-тур
“Байер” 2:1 “Хоффенхайм”
Голдар: Бейер 33’, Андрих 88’, Шик 90+1’
Шабуылшы Патрик Шик өз командасының “Карабах” пен “Фрайбургке” қарсы кездесулерінде де жеңісті гол соқты. Чех “Байер” үшін осы маусымда 12 ойын өткізіп, 5 гол соқты.
Осы матчтан кейін Леверкузен ұжымы ұпайлар санын 73-ке жеткізіп, Бундеслигадағы лидерлік позициясын нықтап алды. Бұл ұжымның артынан “Бавария” командасы келеді. Оның қоржынында 60 ұпай.
Біздің серіктес: FONBET