«Байердің» кезекті жетістігі

18.03.2024, 11:07

Хаби Алонсо жаттықтыратын «Байер» Бундеслиганың 26-турында «Фрайбургті» ұтып, (3:2) неміс біріншілігінде тарихи көрсеткішке қол жеткізді.

Леверкузендік команда Бундеслига тарихында бір маусымның 26 турында жинаған ұпай саны бойынша екінші орын алды. Қазір «Байер» қоржынында 70 ұпай бар. Бұл көрсеткіш бойынша Германия чемпионатының рекорды «Баварияның» еншісінде екен. Мюнхендіктер 2013/2014 жылғы маусымда 26 турда 74 пункт жинаған. Естеріңізге саламыз, Хаби Алонсоның командасы биылғы Бундеслиганың көшін бастап тұр. Екінші сатыдағы «Бавариядан» 10 ұпай алда келеді. Сондай-ақ, Леверкузендік ұжым Еуропа лигасының ширек финалына шықты.