Байтана мен Қасым "Елімайға" ауыса ма?

17.07.2024, 14:26

Бірнеше дереккөздердің мәліметіне сенсек, "Ақтөбенің" қорғаушысы Әлібек Қасым мен жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтанаға "Елімай" құда түсуде. Қос

Бауыржан Байтана "Ақтөбе" сапында

Қос футболшының трансферіне ең алдымен клубтың бас бапкері Андрей Карповичтің өзі мүдделі көрінеді. Карпович екі ойыншымен "Ақтөбедегі" қызметі кезінен жақсы таныс. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ресми түрде Бауыржан Байтананың "Ақтөбеден" кеткені мәлім болды. Сондай-ақ, команданың Әлібек Қасыммен қоштасуға дайын екендігі де айтылған. "Ақтөбе" 26 жасар қорғаушыны "Қайратқа" ұсынғаны жайлы ақпарат бар. Әлібек Қасым алматылық ұжымның түлегі саналады. Футболшы "Қайраттан" 2020-жылы кеткен болатын. 

Айта кетейік, "Ақтөбе" ертең боснияның "Сараевосымен" Конференция Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуін өткізеді. Апта бұрын Ақтөбеде болған бәсекеде қонақтар минималды есеппен басым түскен еді (0:1).