Қызылордалық «Қайсар» мен қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов «Атырау» футбол клубымен келісім-шартқа отырды.
Бұл туралы «мұнайшылардың» ресми сайты мәлім етіп отыр. 30 жастағы ойыншы спорттық мансабында «Ертіс», «Локомотив», «Ақтөбе» және «Жетісу» секілді клубтардың да намысын қорғаған.
Ал соңғы төрт маусымда Байжанов «кеншілердің» жейдесімен өткізіп, Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған болатын. Қазақстан чемпионатында Мақсат 350 матч өткізіп, 35 гол соқты.