Жарнама
Жарнама

Бахтиeр Зайнутдинов: “Динамо” ойыншыларын қымызға үйретеміз – бәрі алаңда ұшатын болады”

28.11.2025, 22:20

Бахтиeр Зайнутдинов Ресейлік журналистерге берген сұхбатында командаластарының тамақтану мәдениетіне қазақтың ұлттық сусыны – қымызды енгізу жоспары туралы әзіл-шыны аралас айтып өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Mash тілшісі ойыншыдан "Динамоның” ас мәзіріне қымыз қосу керек пе?" деп сұрағанда, Бахтиeр былай деп жауап берді:

"Менен ешкім Набабкиндей сұрамады. Ол қымызды қатты жақсы көретін. Ал "Динамода" әзірге ешкімді қымызға әлі баулыған жоқпын, бірақ процесс жүріп жатыр. Уақыт керек. Бәрін қымызға отырғызамыз, олар алаңда ұшатын болады." 

Оның айтуынша, әзірге қымызды Ресейге өзі жеткізбеген, бірақ жақын арада жеткізу жолдарын ұйымдастырып, сенімді жеткізушілер іздеп жүр.

"Маған қымыз қатты көмектеседі, күш береді. Басқаларға қалай әсер ететінін білмеймін, бірақ біз, қазақтар үшін, қымыз – ерекше күш.” – деді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров