Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов жарақаттан толық айығып, Мәскеулік "Динамоның" жалпы тобымен бірге жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бахтиер Зайнутдинов Ресейлік ұжымға 2025 жылдың 28 шілдесінде қосылған болатын. Алайда, денсаулығына байланысты маусымның басым бөлігін өткізіп алуға мәжбүр болды.
Мәскеулік клуб сапына ауысқаннан бері ол барлығы 10 кездесуде ғана алаңға шықты.
2025 жылдың соңы мен 2026 жылдың көктемінде футболшы қайталанған жарақаттардың зардабын тартып, алаңнан тыс көп уақыт өткізді.
Футболшының "Динамомен" қазіргі келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жасалған.
Осылайша, ұзақ уақыт бойы емделіп келген футболшымыз команданың негізгі құрамымен бірге алаңға шығуға дайын.
Біздің серіктес: FONBET