Жарнама
Жарнама

Бахтиер Зайнутдинов мансабын аяқтауы ықтимал? «Динамо» дәрігерлері екіұшты мәлімдеме жасады

Бүгін, 15:14

Мәскеулік «Динамоның» бас дәрігері Михаил Бутковский Бахтиер Зайнутдиновтың жарақаты мен командалық жаттығуларға қашан оралуы мүмкін екеніне байланысты пікірін айтты.

Бахтиер Зайнутдинов
Жарнама
Жарнама

Естеріңізде болса, Қазақстан құрамасы мен мәскеулік клубтың жартылай қорғаушысы РПЛ-дің 12-турында жарақат алып, қатардан шығып қалған еді.  

«Қалыпты жаттығуларды жасауға дайын болған кезде команда қатарына қосылып, дайындықты жалғастырады. Дәл қазір команданың медициналық және бапкерлік құрамы ұсынған сынамалардың мәліметтеріне сүйене отырып шешім қабылдаймыз. Осы тестілердегі ақпараттарға сай, Зайнутдинов үшін бүгінде жеке дайындалған дұрыс болады», - деді М. Бутковский «Sovsport.ru» сайтына берген сұхбатында.

 Бахтиер Зайнутдинов өткен жазда мәскеулік команда сапын толықтырды. Содан бері футболшы тек 10 ойынға қатысқан. Зайнутдиновтың әлеуетін толық ашуға жарақаттары кесірін тигізуде. «Динамодан» бөлек ол «Бешикташ», «ЦСКА», «Ростов», «Астана», «Тараз» секілді клубтардың намысын қорғады.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров