Жарнама
Жарнама

Бахтиер Зайнутдинов РПЛ-ге қайта оралуы мүмкін

11.06.2025, 18:00

Қазақстан ұлттық құрамасының және Стамбұлдың "Бешікташ" клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер лигасына қайта оралуы мүмкін. Оған Мәскеу клубтарының бірі қызығушылық танытып отыр. 

Жарнама
Жарнама

Meta ratings мәліметінше, 27 жастағы футболшыны Мәскеудің "Динамо" клубы өз қатарына қосуды жоспарлап, "Бешікташпен” келіссөздерді бастап кеткен.

Өткен маусымда Зайнутдинов барлық турнирлерде 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Ол Түркиялық клубқа 2023 жылдың жазында ауысқан болатын.

Айта кетейік, Бахтиер бұған дейін де Ресей чемпионатында ойнаған. Ол "Ростов” пен "ЦСКА” командаларының жейдесінде 80-нен аса матч өткізіп, 2022/23 жылғы маусымда Ресей Кубогының иегері атанған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров