Жарнама
Жарнама

Бахтиер Зайнутдинов Ұлттық құраманың бұрыңғы бапкерімен кездесті

27.09.2025, 08:00

Мәскеудің "Динамо" клубының қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиевпен түскен суретін әлеуметтік желіге жариялады.. Қазіргі таңда Адиев Ресей Премьер лигасындағы "Крылья Советов" командасын жаттықтырады.

Жарнама
Жарнама

Ресей Премьер лигасының 10-турында "Динамо” "Крылья Советовқа” қарсы сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіске жетті. Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, толық ойын өткізді.

Магомед Адиев 2022–2024 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырып, ел тарихындағы ең табысты бапкерлердің бірі атанды. Оның жетекшілігімен құрама Ұлттар лигасының үшінші дивизионында жеңімпаз атанып, келесі деңгейге көтерілді және ЕУРО 2024 іріктеу кезеңінде плей-оффқа жолдама алды.

Қазақстандағы жетістіктерінен кейін Адиев "Ахмат" пен "Химки” клубтарында жұмыс істеп, 2025 жылы "Крылья Советовтың” тізгінін ұстады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров