Ел құрамасының үздік сұрмергеніне дейін ресейлік ұжымда 5 отандасымыз ойнап кеткен.
Андрей Николайұлы Шкурин
Мансабын 2007 жылы аяқтаған қорғаушы Андрей Шкурин “Динамо” сапында 1991 жылы 1 ресми матч өткізген. Мәскеуде туылған қазақстандық өз мансабында “Черноморец”, “Динамо-Д”, “Шинник”, “Носта”, “Кубань”, “Тобыл” және "Ақтөбе" клубтарында өнер көрсетті. Ел құрамасында Шкурин 2003-2004 жылдар аралығында 3 матч өткізіп үлгерді.
Руслан Тахирұлы Балтиев
Ел құрамасының Бақтиер Зайнутдиновтен кейінгі үздік сұрмергені саналатын Руслан Тахирұлы Балтиевте кезінде "Динамо" сапында 34 матч өткізіп, 2 гол соққан. Шабуылшы Мәскеу ұжымына "Соколдан" ауысып барды.
Андрей Владимирұлы Карпович
Қазірде “Елімай” командасын жаттықтырып жүрген Андрей Карповичте көк-ақтар намысын қорғаған. “Қайрат-Алматы” ұжымында жақсы өнер көрсеткен жартылай қорғаушы 1 жылда “Динамо” сапында 29 кездесуге қатысты.
Сергей Викторұлы Тимофеев
“Ертіспен” Қазақстанның 2 дүркін чемпионы атанған Сергей Тимофеев “Динамоның” негізгі және екінші ұжымдарының барлығын қосқанда, 57 матчта алаңға шықты. Қорғаушы мәскеулік ұжымда жүрген маусымда Ресейдің күміс және қола жүлдесін қанжығасына майлады.
Александр Антонұлы Хапсалис
Кіші-футболдан АҚШ чемпионы болған Александр Хапсалис қазақстандық футболшылар арасында “Динамода” ең көп ойын өткізді. Екі маусым қорытындысы бойынша жартылай қорғаушы Мәскеу клубы сапында 86 матчта төбе көрсетті. Айта кетейік, Хапсалис жастар арасындағы 1980 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы!
Біздің серіктес: FONBET