Жарнама
Жарнама

Бактиер Зайнутдинов 2 жылдан кейін қайта Ресей чемпионатына оралады

24.07.2025, 14:21

Қазақстан ұлттық құрамасының және Ыстанбұлдың «Бешікташ» клубының 27 жастағы жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов жақын арада Мәскеудің «Динамо» командасының ойыншысы атанбақ.

Жарнама
Жарнама

Бұл трансфердің құны 2,5 миллион еуроны құрайды. Оған қосымша бонус төлемдері де қарастырылған. Бұл туралы «Инсайды от Карпа» Telegram-арнасы жазды.

– Зайнутдинов «Динамоға» €2,5 млн + бонус көлемінде трансфер жасайды. Бүгін 27 жастағы қазақстандық футболшы «Бешікташтан» Карпиннің командасына ауысар алдында медициналық тексеруден өту үшін, Мәскеуге ұшады. Келісім-шарт 2029 жылға дейін есептелген, – деп жазады инсайдер.

Ол бұған дейін «Астана», «Ростов», «ЦСКА Мәскеу» және «Бешікташ» клубтарда ойнаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: