Мәскеудің «Динамо» клубының жаңа ойыншысы және Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Бактиер Зайнутдинов өзінің «Бешикташ» командасындағы әсерімен бөлісті.
Футболшы Түркияның «Бешикташ» клубында 2023 жылдың жазынан бастап өнер көрсеткен.
«Еуропадағы бірінші жылым жақсы өтті. 30 ойында алаңға шықтым. Кейін жарақат алдым. Жарты жыл жіберіп алдым. Енді ғана қалыпқа келе бастадым. Бірінші жартысы жақсы болды. Ал екінші бөлігі жарақатқа байланысты сәтсіз шықты», – деді Зайнутдинов.
Айта кетейік, Зайнутдинов ЦСКА-дан Түркия чемпионатына ауысқан еді. Өткен маусымда ол барлық турнирлерде 12 матчқа қатысты және бір нәтижелі пас берді. Ал 2025 жылдың 28 шілдесінде Бактиер «Динамо» сапына қосылды.
Біздің серіктес: FONBET