Бақтиер Зайнутдинов “Бешикташтың” швейцариялық “Луганоға” қарсы қатысатын футболшылар тізімінен шет қалды

22 тамыз күні “Бешикташ” Конференция Лигасының плей-офф раундының алғашқы кездесуінде швейцариялық “Луганода” қонақ болады. 

Бапкер Джованни ван Бронгкхорст аталған ойынға қатысатын футболшылар тізімін жасақтапты. Алайда біз 25 ойыншының қатарынан отандасымыз Бақтиер Зайнутдиновты таба алмадық.  

Еске салсақ, өткен аптада біз Бақтиер Зайнутдиновтың “Бешикташқа” керек болып қалмай қалғандығы жайында ақпарат таратқан болатынбыз. Қырандар мүмкіндік болса, 26 жастағы жартылай қорғаушымен қоса, шабуылшы Венсан Абубакарды сатып құтылғысы келеді. 

Ыстамбұлдық ұжымда Бақтиер жалпы алғанда 37 матч өткізіп, 1 гол соқты.