Жарнама
Жарнама

Бақтиер Зайнутдинов ел құрамасының алдағы ойындарына көмектесе алмайды

Жартылай қорғаушы екі себеп бойынша Қазақстан командасының ойындарынан шет қалып отыр.

Жарнама
Жарнама

Талғат Байсуфинов баптайтын командамыз қараша айында екі матч өткізеді. Алғашында біздің жігіттер Еуро іріктеуі аясында Бельгияны қонақ қылса, келесісінде Фарер Аралдарымен жолдастық кездесуде өнер көрсетеді.

Өкінішке қарай, ел құрамасының үздік сұрмергені жоғары да аталған ойындардың бірде-біреуіне қатыспайды. Біріншіден Батеканың іріктеу аясында алған ескерту қағазы көп, екіншіден ол “Ахматқа” қарсы ойында кезекті жарақатын алды. Сол себептен, Талғат Байсуфинов Зайнутдиновке сенім арта алмайды. 

2018 жылы ел құрамасы сапында дебют жасаған Бақтиер Зайнутдинов халықаралық турнирлерде жалпы алғанда 44 матч өткізіп, 15 голдың авторы атанды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров