Бақтиер Зайнутдинов ортақ топқа қосылды

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов ыстамбұлдық “Бешикташтың” жаттығу жұмыстарына белсене араласа бастады. 

Жартылай қорғаушы сан бұлшық етінің созылуына байланысты өткен маусымды дұрыс аяқтай алмаған болатын. Қазақстандық осымен екінші рет Бешикташ сапында ауыр жарақат алып отыр. Бұған дейін Зайнутдинов 2023 жылдың қараша айында “Истанбул Башахшехирге” қарсы ойында мұрнын сыңдырып, нәтижесінде ойыншыға ота жасатқан болатын. 

Бүгінгі таңда Зайнутдиновта барлығы жақсы. Өткен күндері жекелей жаттығып жүрген аяқдопшы ортақ топқа қосылып, дайындығын қалыпқа келтіруде.

Алайда, ыстамбұлдық ұжымның бас бапкері Джованни ван Бронкхорст Батеканы “Бешикташта” көрмейді. Нидерландтық маман мүмкін болса, отандасымыздан құтылғысы келеді.