Жарнама
Жарнама

Бактиер Зайнутдинов ресми түрде Ресей чемпионатына ауысты

28.07.2025, 13:57

Қазақстан құрамасының футболшысы Бактиер Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» клубының ойыншысы атанды.

 

Жарнама
Жарнама

Клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 27 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін жасалған. Бактиер мәскеулік команда сапында 19-нөмірмен өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, «Динамоға» ауысқанға дейін «Тараз» футбол мектебінің түлегі Бактиер Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» клубында ойнаған. Сонымен қатар, ол өзінің кәсіби мансабында «Астана», «Ростов» және Мәскеудің ЦСКА клубтарының намысын қорғаған. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны 3 миллион еуроны құрайды.

 

Спросить ChatGPT

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: