Бақтиер “Зенитке” ауысуы мүмкін

“Бешикташ” командасы “Зениттің” Бақтиер Зайнутдиновке жасаған ұсынысын қабыл алатын болды. 

Ресейлік ұжым жартылай қорғаушының трансферіне 4,5 млн еуро төлеуге дайын. Айта кетейік, дәл осы соммаға Бақтиер ЦСКА-дан “Бешикташқа” ауысып келген болатын. 

Петерборлық ұжым отандасымызды мәскеулік ЦСКА-ға ауысқан Данил Круговойдың орнына қарастырып отырған жайы бар. Оның үстіне қазақстандық футболшыдар РПЛ легионер ретінде саналмайды. Ал бұл бразилиялықтармен жасақталған “Зенит” үшін тиімді. 

Зайнутдинов РПЛ “Ростов” пен ЦСКА нымысын қорғағанын айта кетейік. Қазіргі жейдесін киіп алаңға шығып жүрген “Бешикташта” 26 жастағы ойыншы барлығы 37 ойын өткізіп, 1 гол соқты. 

Айта кетейік, Бақтиер ауысады деп отырған “Зенитта” тағы бір ойыншымыз  Әліп өнер көрсетеді. Құрамада командалас болғандықтан, трансферге Нұралының өзі араласуы ғажап емес.