Қызылордадық белсенді жергілікті команданың басқарушысы болмақ.
Meta-ratings.kz мәліметінше Қазақстан футбол федерациясының кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды ұйымдастыру саласында қызмет атқарып жүрген Бақытжан Пазылхайыр Қызылорданың "Қайсар" клубын басқаруға үміткерлердің бірі атанды.
Пазылхайыр облыс әкімдігі өкілдерімен және қазіргі таңда клубты жекешелендіру процесін жүргізіп жатқан TAU Group LTD компаниясының басшыларымен бірнеше кездесу өткізген. Тараптар команданың болашақтағы даму стратегиясы мен инфрақұрылымдық бағыттарын талқылағаны айтылады.
Айта кетейік, Бақытжан Пазылхайыр — Қызылорда қаласының тумасы. Ол 2025 жылғы Қазақстан кубогының финалдық матчын Қызылордада өткізу ісіне де белсенді атсалысқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET