Қазақстандық футбол жанкүйерлеріне "Ваня ағай" есімімен танымал белгілі балалар бапкері Иван Ильницкий шәкірті Ғалымжан Кенжебектің Pесейлік "Ахмат" клубына ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Тәжірибелі маманның айтуынша, Ресей премьер лигасында орнығып қалу оңай емес. Әсіресе, Ғалымжан ойнайтын позицияда "Ахматтың" белді ойыншысы Лечи Садулаевтың бар екенін ескеру қажет.
"Шыны керек, жағдайдың бүге-шігесіне дейін білмеймін, сондықтан нақты бірдеңе айту қиын. Оның позициясында Лечи Садулаев ойнайды, тіпті оны кезінде "Зенитке” де шақырған деген қауесет болған. Мұндай мәселеде болжам жасау — қиын шаруа." — дейді бапкер.
Иван Ильницкий Ғалымжанның бала күнінен бастап бойындағы қасиеттерін жоғары бағалайтынын, бірақ қазіргі жетістігі — футболшының өз еңбегі екенін атап өтті.
"Ғалымжанның кішкентай кезінен бастап мінезі мен физикалық деректері өте жақсы болды.” – дейді Ваня ағай Sports24.kz сайтына берген сұхбатында.
Ильницкий мырза өз үлесін тек талантты уақытында байқай білгенімен байланыстырды. Қалған биіктердің бәріне Кенжебек өз қажыр-қайратымен жеткен.
Біздің серіктес: FONBET