Жарнама
Жарнама

Балалар футболын дамытуға 1,7 миллиард теңге бөлінбек

16.12.2025, 21:49

Солтүстік Қазақстан облысында футболды дамытуға қатысты маңызды қаржылық жоспар жарияланды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

БАҚ-та тараған мәліметке сәйкес, өңірдегі балалар-жасөспірімдер футболын қолдауға 2026-2028 жылдар аралығында 1,7 миллиард теңге бөлу жоспарлануда.

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы өтінімге сәйкес, бөлінген бұл қаражаттың басты мақсаты – кәсіпқой команданы емес, балалар-жасөспірімдер футболын қолдау.

Қаржы негізінен мына бағыттарға жұмсалады:

• QJ League (Жастар Лигасы) командаларының республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету.

• Футбол клубы жанындағы футбол орталығының (академиясының) қызметін және республикалық жарыстарға қатысуын қаржыландыру.

Серый CARDINAL телеграм арнасының жазуынша бұл үш жылдық бағдарлама аясында жыл сайын екі жүзден астам бала тұрақты түрде футболмен қамтылып, жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады. 

Бұл жоспардың негізгі ерекшелігі – қаражаттың легионерлерді немесе кәсіпқой команданың күнделікті шығындарын қаржыландыруға емес, тікелей өңірдегі балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына бағытталуы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров